
ЕГІН СУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Биназар, Кеңес, Бірлік ауылдық округтерінде егін су мәселесіне қатысты жиын болды.
Оған аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубеков,«ҚазСушар» мекемесінің басшысы Жамбыл Әйтішев және жергілікті шаруа қожалық өкілдері қатысты.
Биыл ауданда 5802 гектарға егін егу межеленуде. Соның 2070 гектарына дәнді дақылдар орналастырылады. Қалғанына майлы, мал азықтық, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары егіледі. Қазір қажетті тұқым толығымен дайын.
Ауылдарда өткен жиын барысында егілетін егістікті тұрақты суаруға 80 млн. текше метр су қажет екені айтылып, қазіргі таңда «Тасөткел» Су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілу себебі су біршама азайатыны айтылды.
Кездесуде шаруашылықтар суға қатысты сауалдарын қойды, ұсыныстарын айтты, шешілу жолдары талқылады.
-Биыл өздеріңізге белгілі «Тасөткел» Су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілу себепті егін су аз келетін болады. Мойынқұмға межелеген су көлемі 80 млн текше метр болса,енді бізге 40 млн текше метрге азаймақ. Енді осы суды тиімді, үнемді пайдалануымыз қажет. Әрине, біздің су жағдайы жоғарыдағы су қоймасына тікелей байланысты. Аудандағы егіс алқаптарына қатысты мәселелерді де жақсы білемін. Барлығын зерттеп жатырмыз. Оңтайлы шешім табуына жұмыс жасаймыз, - деді «ҚазСушар» мекемесінің басшысы Жамбыл Әйтішев.
Жылда «Тасөткел» су қоймасына көлемі 482 млн. текше метр су жиналатын болса, ал биыл су қоймасына жоғарыдан секундына 308 текше метр су түсуде.
Мойынқұм ауданы әкімдігі
Келесі мақала
Рысбек батыр ауылында жаңа мешіт ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024