
Рысбек батыр ауылында жаңа мешіт ашылды
Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылында «Үрзада апа» мешітінің ашылу салтанаты.
🔹 Ауданымызда Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылында «Үрзада апа» мешітінің ашылу салтанаты өтті.
🔹 Мешіт «Дүниежүзілік жастар ассамблеясының зекет қорынан» салынды. Қаржының 70%-ы зекет қорынан, 30%-ы ауыл тұрғындарының және кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен қамтылған. Мешіт аумағы 18х10 шаршы метр, сыйымдылығы 150 адам. Сондай-ақ, мешіт аумағында әлеуметтік дүкен және хатымхана, заманауи үлгіде жабдықталған дәрет алатын орын салынған.
Жиынның ашылу салтанатын ауылдың ақсақалы Свамбаев Шырынәлі атамыз ақ батасымен ашып берді. Осы үлкен сауапты іске мұрындық болған қадірлі қонақтар араб елінен келген мұсылман бауырларымызға сөз беріліп, сый-сияпат көрсетілді.
🔹 Сонымен қатар, құттықтау сөзге Пралиев Мейірбек, Мақұшев Тұрған, Байболов Мақсатбек, Тілешев Жақсылық, Тажибаев Мыңбай және игі іске демеуші болған Бейсеқұлов Расылхан қазіргі заман үлгісімен бой көтерген еңселі де жинақы ғибадат ордасын тарту етіп отырған азаматтарымызға ауыл-аймақ атынан шынайы жүрекжарды алғыстарын білдірді.
🔹 Сөз кезегі аудандық мәслихат депутаты Аринов Свамбайға, Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Балтабаев Нұрбақытқа және округ әкімі Абдалиев Бауыржанға берілді.
🔹 Аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлының Алғыс хатымен мешіттің салынуына демеушілік жасаған Бейсеқұлов Расылхан Әлжаппарұлы марапатталды.
🔹Сондай-ақ, Боралдай округі әкімінің Алғыс хаттарымен мешіттің құрылысына қызмет етіп, өз үлестерін қосқан ауыл азаматтары Асилов Руслан, Әліпбаев Қайсар, Ауғамбаев Нұрлан, Оспанов Мұрат, Тәжібаев Қуат марапатталды.
🔹 Зәулім мешіттің лентасын ауыл ақсақалы Свамбаев Шырын мен имам Медетбеков Сейітқазы қажы қиды. Шашу шашылып, құран оқылды.
Жуалы ауданы әкімдігі
Келесі мақала
«Ұлттық жоба» аясында іске асырылатын жобалар
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024