Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

«Ұлттық жоба» аясында іске асырылатын жобалар

«Ұлттық жоба» аясында іске асырылатын жобалар
ашық дереккөз
«Ұлттық жоба» аясында іске асырылатын жобалар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас" жобалары іске асырылуда. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша қатысу мерзімі - 18 ай. Қатысушылар: жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар. "Күміс жас" жобасы бойынша қатысу мерзімі - 36 ай. Қатысушылар: 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар және зейнеткерлiк жас алдындағы зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған адамдар басым құқығын пайдаланады. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша қатысу мерзімі - 6 айдан аспайды. Қатысушылар: оқуын аяқтағаннан кейін екі жыл ішінде жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының түлектері. Әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде құрылатын уақытша жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ақылы қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады. Қатысушылар: арнайы білімі жоқ, жұмыссыз азаматтар, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар. Жастар практикасына қатысу мерзімі – 12 айдан аспайды. Қатысушылар: арнаулы оқу орнын немесе жоғарғы оқу орнын аяқтаған 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Диплом мерзімі 3 жылдан аспауы қажет, жұмыс орнына мамандығына сәйкес жолданады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу– 18-63 жас (әйелдер 61 жас) аралығындағы жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ұсынылған мамандығы бойынша 3 ай оқу орнында білім алады. Жұмыс берушілерде кәсіптік оқыту -үміткер жұмыспен қамту орталығынан жолдама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге Оқыту мәселесі бойынша жүгінеді. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүгінген үміткерлерді Оқуға қабылдайды және үміткерлермен Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шартын жасайды. Оқу кезеңінде жұмыссызға жалақыны жұмыспен қамту орталығы төлейді. Ұлттық жобалар бойынша «Жұмыспен қамту өңірлік картасы» аясында ауданда іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға(құрылыс, жөндеу жұмыстарына), инвестициялық жобаларға ниет білдірген жұмыссыз азаматтар тұрақты және уақытша жұмыстарына жолданады. Жұмыс күші тапшы өңірлерге (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары) ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына ниет білдірген азаматтар қатысу тәртібі мен шарттары жөнінде толық ақпарат алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті консультация алулары қажет. Жуалы ауданы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар