
«БАЛА – БІЗДІҢ ЕРЕКШЕ ӘЛЕМ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ
1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудандық Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының ұйымдастыруымен осында тәрбиеленушілерге арналған «Бала – біздің ерекше әлем» қайырымдылық концертті өтті.

Мерекелік шарада аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Айнұр Ұлтарақоваға және Эльмира Данияроваға сөз берілді. Олар аталған шараға келген балаларды мерекемен құттықтап, ерекше балалардың ата-аналарына алғыстарын жеткізді.
Шараға жеткіншектер әсем әндері мен әдемі тақпақтарын әзірлей келген. Айдар Досымжанның және Ақниет Досымжанның орындауларында «Әке-ана», «Мерекем» әндері шырқалып, бүлдіршіндердің көңілін көтере түсті.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының басшысы Дамира Жолшанқызы балаларды мерекемен құттықтады. Осы орайда шараны ұйымдастырушыларға ата-аналар алғыстарын, жылы лебіздерін білдірді.
Жуалы ауданы әкімдігі
Келесі мақала
СЕРІКТЕСТІК ҚОЛДАУЫ АУЫЛҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024