
СЕРІКТЕСТІК ҚОЛДАУЫ АУЫЛҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
Күні кеше аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков Тасөткел ауылдық округі маңынан күн электр стансасын салуды көздеп отырған “ASK Solar Energy” ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, алдағы жұмыс жоспарын талқылады. 284 гектар жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізуге ниет білдіріп отырған серіктестік қазіргі кезде жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Аталған серіктестік өкілдерімен бірге Тасөткел ауылдық округін аралап, компанияның жергілікті тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілік мәселесі жан-жақты жоспарланды. Дәлірек айтсақ, мұндағы Құмөзек, Аспара стансаларына спорт және ойын алаңшаларын салу, елді мекендегі әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру, тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету сынды мәселелер талқыланды.
Күн көзінен энергия өндіруді жоспарлап отырған серіктестік қазіргі жоспарын жүзеге асырып, өз жұмысын нақты бастағанда жоғарыда аталған елді мекендердің гүлденуіне айтарлықтай серпін беретіні сөзсіз. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқын ала бастағанда серіктестіктің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ауыл тұрғындарымен арнайы жиын өткізіп, халықтың пікіріне құлақ асылатынын болады.
Келесі мақала
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024