
“ТАРЛАН” СПОРТ КЕШЕНІ АУДАНДЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БЕРІЛДІ
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ауданымызда бірқатар айтулы шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі - Шу қаласындағы “Тарлан” спорт кешенінде өтті.
Нақтырақ айтқанда, алғаш 2016 жылы бой көтерген “Тарлан” спорт кешенін Қазақстандық бокс федерациясы ауданымыздағы № 37 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне тегін өткізіп берді. Салтанатты шарада Қазақстандық бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков нысанның символикалық кілтін облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбековке ресми түрде тапсырды.
Айтулы шарада аудан әкімдігі тарапынан Қазақстандық бокс федерациясының басшылығына алғысымызды білдірдік. Айта кету керек, спорт кешенінде бұған дейін еңбек етіп келген жаттықтырушылар мен спортшылар әрі қарай да өз жұмысын жалғастыратын болады. Спорттық сауықтыру блогы мен жатақханадан тұратын екі қабатты нысанда аудан жастары спорттың дзюдо, таеквондо, бокс және күрес түрлері бойынша тегін жаттыға алады.
Оған қоса, кешеннің ауласындағы жасанды жабындысы бар футбол алаңшасы мен гимнастикалық алаңдардың да есігі аудан тұрғындары үшін әрдайым ашық екенін айта кеткен жөн.
Келесі мақала
ФУТБОЛ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024