Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

ФУТБОЛ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

ФУТБОЛ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ
ашық дереккөз
ФУТБОЛ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ
Ақтөбе және Мойынқұм ауылдарының тұрғындары үшін қуанышты күн. Себебі, балалар күні қарсаңында қос ауылда шағын футбол алаңдары ашылды.
Бұған дейін ауыл балалары жазықта доп ойнайтын. Кейбіреулері аудан орталығына барып жаттығатын. Енді, жасөспірімдер шаң топырақтың үстінде емес жасыл жабындысы бар алаңда доп тебетін болады. Жас футболшылар үшін – бұл үлкен сый.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев арнайы қатысып, ауыл ақсақалдарымен бірге лентасын қиып, ойыншыларға алғашқы допты сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар