
ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ
Қазіргі кезде аудан тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелердің шешілуіне ықпал ету дәсүрге айналып келеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі мәселелердің қордаланбауына, кез келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізеді.
Осы мақсатта аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков бірқатар аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, суармалы жер секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген түйткілдердің бірқатары сол мезетте-ақ шешімін тапса, бір бөлігі рет-ретімен зерделеніп, заң шеңберінде қаралатын болады.
Жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында өткізілген қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Келесі мақала
Ақбақай ауылында сайлау өтуде
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024