Жаңалықтар
«Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы «Россотрудничество» басшылығымен кездесті
- NAQ.KZ
- 10 маусым, 2023
- 40

«Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы «Россотрудничество» басшылығымен кездесті
Бүгін, 9 маусым күні ҚР СІМ қарасты «Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы Мәскеу қаласында РФ Шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік (Россотрудничество) басшылығымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға «Россотрудничество» басшысының орынбасары Кирилл Богомолов қатысты. Бұл туралы «Отандастар Қорының» баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында сөз алған Абзал Сапарбекұлы Ресей тарапына қор жұмысын таныстырып, осы жылда атқарылып отырған жұмыстармен және жобаларымен таныстырды.
Ол қандастардан бөлек, Ресей елінде тұрып жатқан отандастардың 80 пайызы Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыс орнатқысы келетінін айтты. Оның сөзіне қызығушылық танытқан Кирилл Богмолов Қазақстанда жұмыс істеп жатқан «Орыс үйлері» туралы айтып, қазір 4 үй Астана, Алматы, Өскемен, Орал қалаларында қос елдің арасындағы байланысқа үлес қосып отырғанын жеткізді.
Айта кететін жайт, кездесуге Қазақстанның Астрахандағы, Омбыдағы Бас консулдары мен Мәскеудегі Елшілік дипломаттары қатысты. Жиын соңында қос тарап алдағы уақытта өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қоюға уағдаласты.
https://turkystan.kz/article/225376-otandastar-korynyn-prezidenti-abzal-saparbekuly-rossotrudnichestvo-basshylygymen-kezdesti/


Келесі мақала
Астанада сәбиін құшақтаған ана 12-қабаттан секіріп кетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024