
Астанада сәбиін құшақтаған ана 12-қабаттан секіріп кетті
Астанада 12-қабаттағы терезеден әйел мен бала құлады деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 маусымда түскі сағат 14.19-да болған. «102» нөміріне Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы хабар түскен.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Әйел алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған, ал бала ауруханада көз жұмды.
Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
https://turkystan.kz/article/225380-astanada-sebiin-kushaktagan-ana-12-kabattan-sekirip-ketti/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024