Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

ҚОЛӨНЕРШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚОЛӨНЕРШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ашық дереккөз
ҚОЛӨНЕРШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов 4 маусым Қазақстан Республикасы күніне орай Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өткен «Аламан Құрақ» көрпе фестиваліне қатысқан қолөнершіді қабылдады.
Қабылдауда Сәбит Орынбетұлы ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің, оның ішінде құрақ көрпе қазақ халқының ұлттық құндылығы және оны түрлендіріп жаңғырту біздердің парызымыз деп, келген қолөнершілерге аудан әкімінің Алғыс хатымен сыйлықтар табыс етті.
🔷Жиында қолөнерші апалар өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Жиынға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева және ішкі саясат бөлімінің маманы Айым Төребек қатысты.
 

Мойынқұм ауданы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар