Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

МОЙЫНҚҰМДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МОЙЫНҚҰМДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ашық дереккөз
МОЙЫНҚҰМДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Денсаулық – баға жетпес байлық десек, адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше.
Бүгін аудандық орталық ауруханасында жемісті еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
♦Оған аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов, аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасы Манарбек Көшкімбаевтар қатысып, ақ халатты жандарды айтулы мерекелерімен құттықтап, Ұлт саулығы жолындағы жауапты қызметеріне сәттілік, еңбектеріне табыс тіледі.
🔷Содан соң денсаулық сақшылары саналатын бірқатар медицина қызметкерлеріне «Облысқа сіңірген ебегі үшін», «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалін, «Мойынқұм ауданының Құрмет грамотасы» аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты мен сый-сияпаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар