Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Мойынқұм ауданындағы "Сібір жарасы" ошақтары туралы ақпарат

Мойынқұм ауданындағы "Сібір жарасы" ошақтары туралы ақпарат
ашық дереккөз
Мойынқұм ауданындағы "Сібір жарасы" ошақтары туралы ақпарат
Аудан аумағында 10 (Бірлік-2, Кызылтал-2, Мойынқұм-3, Ұланбел-3) сібір жарасы ошақтарын көмінділері бар, барлығы санитарлық талаптарға сай бетондалып қоршалған, «Қауіпті аймақ» тақтасы ілінген, топографиялық картаға және «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» енгізілген. 3 сібір жарасының ошағы орман жері қорында орналасқандықтан мемлекеттік жер актісі алынбаған. Сібір жарасы орналасқан ошақ маңына мал жаюға, егін егуге, т.б. жұмыстар жүргізуге тиым салынады. Себебі ауру қоздырғыштары 100 жылға дейін белсенді болуын ескере отырып, абай болғыны жөн деп санаймын.
Ошақтар аумағынан бекітілген жоспарға сәйкес жылына бір рет топырақ сынамалары алынып, ветеринариялық зертханада тексеріледі. Бүгінгі таңға зерттеу қорытындыларының нәтижелері теріс.

Ұқсас жаңалықтар