
Ономастика мәселелерінің бағыт-бағдарын түсіндірді
Сарысу аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында «Ономастика мәселелері» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Нұрғалиұлы Есмаханов ашып, жүргізіп отырды. Жиынға «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Сейітбекқызы Тұрмаханбетова, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Ақтолқын Комокқызы Исқалиева, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры Әлімбекова Гүлхан және аудан әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелері, қала және ауылдық округ әкімдері және ономастика саласына жауапты мамандар қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Сейітбекқызы сөз сөйлеп, ономастика мәселелерінің бағыт-бағдарын түсіндіріп өтті.
Баяндамашы өз сөзінде идеологиялық тұрғыда ескірген атаулардан арылу, бұл атаулардың біздің елімізге еш қатысы жоқ екендігін айта келе көше, елді мекендерді елімізге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдерімен атау, олардың сол салаға еңбегі сіңген болуы қажет екендігін түсіндірді.
Жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, оған тиісті жауаптар қайтарылды. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары «Ономастика мәселелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізген қонақтарға алғысын білдірді. Камели сүлейменова, «Sarysý»
Келесі мақала
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024