
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жалғасын тауып, Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі №35-ө өкімімен арнайы 3 жұмыс тобы бекітіліп, аптаның басында Сарысу ауданына келіп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бекітілген топ құрамында құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, әлеуметтік және тағы басқа салалардың өкілдері бар. Аталған топтардың мақсаты — ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттау, этносаралық қақтығыстардың алдын алу және реттеу, ауыл тұрғындарына білікті денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетулерін қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халықты несиелендіру бойынша кеңес беру, тұрғындардың әлеуметтік мәселелері анықталған жағдайда, оны нақты шешу бойынша шаралар қабылдау, бизнесті дамыту және қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар туралы ақпараттандыруды сапалы жеткізу болып табылады. Жаңатас қаласындағы елді мекендерден бастау алып, ауылдық округтерде жалғасқан кездесуде сая-си ахуалдың жай — күйі айтылып, тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектері тыңдалды. Екі күнге созылған кездесулерден кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Е.Есмахановтың төрағалығымен қорытынды актив жиналысы өтті. Жиынға облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар жөніндегі мәселелер бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдәулет, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сөз алған Құдайберген Жамбылұлы тұрғындармен кездесу барысында анықталған проб-лемаларды тізбектеп айтып шығып, басқарма өкілдері өз салалары бойынша осы мәселелердің алдағы уақытта шешілу жолдарын талқылап, жұмыс жасау керектігіне тоқталды. Жиынды қорытындылаған Еркебұлан Нұрғалиұлы облыстан келген қонақтарға аудан тұрғындары атынан алғысын жеткізе келіп, «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындар өз мәселелерін шешуде мемлекеттің қолдауы мен көмегін сезінгендігіне сенім білдірді. Жоба аясында аудан тұрғындары мемлекеттің қолдауын сезініп, көкейде жүрген сұрақтарымен жобаның жұмысшы тобымен кездесуге мүмкіндік алды. Нәтижелі іске тек мұрындық болар игі әрекет керек екендігін тұрғындар түсінді. Самат Тоқбанов, «Sarysý»
Келесі мақала
Мереке күнінде Сарысудағы спартакиада
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024