
Головкин-Шеремета жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
DAZN стриминг сервисі 18 желтоқсанда Холливудтегі (Флорида штаты, АҚШ) Головкин — Шеремета кездесуі қашан басталатынын айтты.
Спорт порталының мәліметінше, жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған, ал басты кездесу сағат шамамен 20.00-де басталады.
Осылайша, кездесу 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04.00-де, ал Головкин-Шеремета кездесуі сағат шамамен 07.00-де басталады. Алайда кестеде өзгерістер болуы мүмкін.
Кездесуде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 21-рет титулын қорғайды. Сонымен қатар, бұл бокс кешінде қазақстандық спортшы Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Ол екінші орта салмақта эквадорлық Карлос Гонгораға қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте IBO әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Головкин мен Шеремета жекпе-жек Холливуд қаласындағы (Флорида, АҚШ) Hard Rock Holly қонақ үйінде өтеді. Шоуды DAZN стриминг сервисі көрсетеді.
Vesti.kz
Келесі мақала
Қазақстанның қымбат футболшылары
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024