
Қазақстанның қымбат футболшылары
Әйгілі германиялық Transfermarkt басылымы жуырда қазақстандық футболшылардың әлемдік нарықтағы бағасын жариялады.
Басылымның жаңа дерегі бойынша, Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсететін Бахтиер Зайнутдинов қазақстандық футболшылар арасында ең қымбат ойыншы атанды. Оның қазіргі бағасы – 2 миллион еуро. Ал бұған дейін Қазақстанның ең құнды ойыншысы атанып келген Бауыржан Исламхан (Әл-Айн) 1,8 миллион еуромен бұл жолы екінші орынға түсіп қалды. Ал үздік үштікті «Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының ең жас қорғаушысы Нұрәлі Әліп түйіндеді. Жыл басында небәрі 900 мың еуроға бағаланған ол биылғы маусымдағы нәтижелі ойынының арқасында құны әжептәуір өсті. Қазіргі таңда ол 1,7 миллион еуроға бағаланып отыр.
Кейінгі орындарға мына футболшылар жайғасқан: Исламбек Қуат («Химки», Ресей), Дмитрий Шомко («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Абат Айымбетов («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Тобыл») – барлығы 1,5 миллион еуро. Ал Гафуржан Сүйімбаев («Қайрат») пен Айбол Әбікен («Қайрат») 1,3 миллион еуроға бағаланған.
egemen.kz
Келесі мақала
Қалада қос спорт нысаны ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024