Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Cарысуда БАҚ Қызметкерлері Марапатталды

Cарысуда БАҚ Қызметкерлері Марапатталды
ашық дереккөз
Cарысуда БАҚ Қызметкерлері Марапатталды
Қоғаммен бірге бітесіп, ашық ақпарат айдынында айқын салмақ қосқан БАҚ-ның қызметі қашан да қауырт.   Халыққа жаңалықтарды бірінші болып жеткізетін аудандық газет пен баспасөз қызметкерлері үздіксіз ой мен табанды еңбек етіп келеді. Осы орайда, 28 маусым — БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай, аудан әкімдігінің мәжіліс залында БАҚ қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Шараға аудан әкімі С.Мамытов, аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков, зиялы қауым өкілдері, бөлім басшылары мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Шарада сөз алған С.Үмбетұлы — қоғамның өзекті мәселелерін жеткізуде БАҚ-тың алатын рөлі басым екенін айтып, тарихы ауданмен бірге тамырын кеңге жайған аудандық «Sarysý» газетінің жұмысына ризашылығын білдіріп, төлбасылымның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Ақпарат кеңістігінің даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген аудандық «Sarysý» газетінің жауапты хатшысы К.Сүлейменова Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, аға тілші С.Есқараев облыс әкімінің Алғыс хатымен, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Тілемісов және оператор Н.Құдайберген аудан әкімінің Алғыс хатымен сондай — ақ газеттің тілшісі С.Тоқбанов аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды. Барлық марапат иелеріне ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылып, ал газеттің ұжымына С.Үмбетұлы тоңазытқыш сыйлады. Аудан әкмдігінің қаржы бөлімінің басшысы Е.Имашев қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп газет ұжымына сый-сияпат тарту етті. Шараға қатысқан зия-лы қауым өкілдері де назардан тыс қалмады, оларға қаржылай сыйлық тапсырылды. Өз кезегінде сөз алған зиялы қауым өкілдері  ауданымыздың қарыштап дамуында БАҚ саласы қызметкерлерінің жемісті еңбегін атап өтіп, айтулы мерекеде назардан тыс қалдырмай құрмет көрсетіп жатқаны үшін аудан әкіміне алғыстарын жеткізді. «Sarysý-Aqparat»

Ұқсас жаңалықтар