Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Мереке күнінде Сарысудағы спартакиада

Мереке күнінде Сарысудағы  спартакиада
ашық дереккөз
Мереке күнінде Сарысудағы спартакиада
Сарысу ауданымызда ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген қызметкерлерге арналған үш бірдей мереке күніне орай, қаладағы Спорт кешенінде аптаның бейсенбісінде аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс- шараларды өткізу» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық спартакиада өткізілді. 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күні, Қазақстан Полициясы күні және 24 маусым — Судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай,  ұйымдастырылған шараның ашылуына аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық прокуратураның басшысы Д.Алдабергенов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы А.Айбосынов, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Ашылуда сөз сөйлеген С.Үмбетұлы қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқаратын қызметкерлердің қоғамда орны қашан да жоғары екенін айтып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Спартакиаға қатысушылар спорттың дойбы, қол күресі, арқан тартыс, бильярд, тоғызқұмалақ және кіші футбол түрлерінен бақтарын сынады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте 1 — орынды «Аудан әкімі аппараты» командасы үздік шығып жеңімпаз атанса, 2 — ші орынды аудандық сот, аудандық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс істері және төтенше жағдай бөлімдері қызметкерлерінен құралған «Сұңқар» командасы иеленді. Жүлделі 3 — ші орынды аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің «Полиция бөлімі» командасы місе тұтты. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар, сондай — ақ, командалық есепте жеңіске жеткен командаларға қаржылай сыйлықтар тапсырылды. С.Қуандықұлы,  «Sarysý»

Ұқсас жаңалықтар