
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ермұханбет Жұмабек, партия Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Үміт Ибраимова, партия облыстық филиалының заңгері Кенжебаев Шора ауданымызға арнайы атбасын бұрып, Ақтоғай ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді. Сонымен қатар қабылдауда аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы І.Домалақов, аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімі, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында ауылдық округ тұрғындары газдандыру, жарық бағандарын жаңарту, ауыз су және Ақтоғай-Жаңатас бағытындағы күре жол бойына жылдамдықты бақылайтын бейнебақылау орнату керек екенін жеткізді. Сонымен қатар, жайылымдылық, жастарды жұмыспен қамту тағы да басқа сұрақтарын қойды. Мобильді топ құрамындағы облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов, жауапты мамандар көтерілген сұрақтар бойынша заң аясында жауап беріп,кейбір мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. С.Есқараев, «Sarysý»
Келесі мақала
Аппараттық кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024