Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

АҚЫНДАР ЖЫРЛАЙДЫ

АҚЫНДАР ЖЫРЛАЙДЫ
ашық дереккөз
АҚЫНДАР ЖЫРЛАЙДЫ
Сарысу ауданына 95 жыл
АҚЫНДАР ЖЫРЛАЙДЫ
АУДАНЫМ, ҚҰТТЫ БОЛСЫН АБЫРОЙЫҢ
Жер қымбат ата – бабам мекен еткен,
Ел қымбат – атымды атап еркелеткен.
Сарысу-елім, жерім туып өскен,
Сенімен тілегім бір сол себептен.
Көрінер көзіме ыстық Қызылкесік,
Секілді туған үйге кірер есік.
Сеземін ел сағынып асқанымда,
Самалын Шабақтының тұрған есіп.
Әдейі алматыдан тойға келдім,
Тойында болайын деп еңбек ердің.
Аууданым, абыройың құтты болсын,
Қабыл ал өлеңменен сәлем бердім.
Ер намыс ешбір ердің қара басы,
Шығарған елдің даңқын ел-анасы.
Сондықтан бірің емес, бәрің ерсің,
Елге ортақ Үкіметтің бұл бағасы.
Малыңмен мақтан, тойла, Сарысуым,
Ортаңнан он бес ердің туған күнін.
Түркістан, Шаян, Созақ, Талас көршің,
Үлгі алсын көтер биік табыс туын.
Араға қаптат малды Қаратаудан.
Миллионер мал басынан болсын аудан.
Басып өт Қарасу мен Бетпақшөлді,
Су тартып Қызылқұмда шыңыраудан.
Ауданым, бәсеңдетпе табысыңды,
Жарыста берме ешкімге намысыңды.
Байқадам мал кіндігі десін халық!
Одаққа жай байлықпен дабысыңды.
БАЛТАБАЙ АДАМБАЕВ
Байқадам ауылы, 21.шілде 1949 жыл

Ұқсас жаңалықтар