
АУДАННАН ШЫҚҚАН БІРІНШІ ХАТШЫЛАРДЫҢ БІРІ ІБІЖАНОВ АҚАШ
Ібіжанов Ақаш 1920 жылы Сарысу ауданында дүниеге келген. Ол 1938 жылдан 1944 жылға дейін әскер қатарында болып, фин соғысына, содан кейін Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Аға лейтенант Ақаш Ібіжановтың өміріндегі елеулі оқиға 1943 жылы Тегеранда Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының кездесуі еді. Сонда неміс-жапон тыңшыларының қастандық жасамақ болған әрекетін дер кезінде алдын алып, оларды ұстау операциясында ерекше қырағылық танытады.
Жоғарғы Бас қолбасшыдан бағалы сыйлықпен марапатталып, әскери шені бірден майор дәрежесіне көтеріледі. Рузвельттен Алғыс хат алады.
Ол 1944 жылы майданнан оралғаннан кейін жоғарғы оқу орнына түсіп, мұғалім, кейіннен мектепте директор болып жұмыс істейді. 1951 – 1953 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, содан соң Министрлр кеңесі аппаратында жұмыс істейді. 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының атқару комитетінің төрағасы, кейін осы Тарбағатай ауданының бірінші хатшысы болып тағайындалды.
1957 – 1980 жылдар аралығында ол сол облыстың Ұлан, Күршім, Үлкеннарын аудандарында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жемісті қызмет атқарды.
Екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат болады. 1980 – 1984 Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болып қызмет етті.
Ұлан, Күршім, Тарбағатай аудандары орталығындағы көшелерге Ақаш Ібіжановтың есімі берілген.
1987 жылы дүние салды.
А.Тілемісов
Сарысу ауданы
Келесі мақала
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024