
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, бірқатар мәселелер қаралды.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Аудан аумағында жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту, күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, оларда орын алып отырған өзекті мәселелер» қаралып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Аукенов баяндама жасады.

Сарысу ауданында ағымдағы жылы барлығы 13 нысанда құрылыс жүргізілуде. «Qazaq soda» зауытына су жүйесін тарту бойынша 2023 жылға келісім-шарт жасалынып, қазіргі таңда су таратқыштың ұзындығы 43 шақырым траншея қазылып, 40 шақырым су алуға арналған құбыр жеткізіліп, 24 шақырым монтаждау жұмыстары атқарылды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы көпқабатты 1 шағын аудандағы №46 және 44 тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүруде, аталған үйлерді меншік иелері өз қаражаты есебінен қалпына келтіруде.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған екінші мәселе «Әлеуметтік желілердегі кері байланыс және тақырыптық медиа-жоспарлардың орындалуы туралы» ішкі саясат бөлімнің басшысы Г.Алтынбекова атқарылған жұмыстардың барысына тоқталды.
Бүгінде уақыт талабына сәйкес, түрлі жұмыстар мен ауқымды жобаларды көрсету, ауданның оң имиджін қалыптастыруда БАҚ-пен жұмыстың үлесі зор.
2023 жылы бұқаралық ақпарат құралдарына 44 млн 219 мың теңге бөлінсе, оның 35 млн 219 теңгесі «Сарысу» аудандық газетіне, 9 млн теңге телеарналар мен республикалық, облыстық сайттарға бөлінген.
2023 жылдың қаңтар-маусым айы аралығында республикалық телеарналарға 33, республикалық газеттерге 5, облыстық телеарналарға 48 облыстық газеттерге 56, агенттіктер мен сайттар – 685, аудандық «Sarysu» газетінде 758 материалдар жарияланған.
Аудандық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда (facebook -1010 іnstagram – 1000 ) барлығы – 2010 материал, Сарысу ауданының әкімдігінің ресми сайты бойынша «Баспасөз орталығы» бөлімінде барлығы 125 материал жарияланды.

Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес, 5 қызмет түрін көрсетеді. Елді мекендерді жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жолға қойылған.
Жаңаарық ауылдық округінде барлығы 6 «Жасыл белбеу» және 3 саябақ бар. Көктем айларында саябақтар, мекемелер, ескерткіштер аумағына егілген 400 түп қара тал көшеттерінің өсуі 97,0% құрап отыр.
Ауылдық округте жалпы аумағы 3 гектар аумақты құрайтын 2 полигон бар. Екеуіне де 2018 жылы қоршау жасалған. Округте барлығы 12 шаруашылық асылдандыру бағытында жұмыс атқарады. Қоғамдық жұмысқа 19 адам жұмысқа тартылған. Округтің Жон алқабындағы 1320,16 га егіс алқапта 18 шаруа қожалық күздік бидай, арпа, мақсары, көпжылдық екпе егумен айналысады. Малдарды жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында 53 211,57 га жайылымдық жерлер бар. Қазіргі уақытта жайылымдық жерлер жеткілікті. Округтегі орта мектептер оқу жылына дайын. Ауылдық округте 2 клуб үйі, 1 кітапхана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. 2 шағын футбол алаңы және 10 ауылішілік көшелер бар.


Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024