
30212 әскери бөлімі жас сарбаздармен толықты
Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығы мыңға жуық жас сарбаздармен толықты. Жас сарбаздар Қазақстанның барлық өңірінен келді. Олар әскери бөлімге келісімен коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР тест тапсырып, медициналық тексерістен өтті. Сондай-ақ, 14 күндік карантинге гигиеналық талаптары сақталған казарма үй-жайларына орналастырылды.
Қазіргі таңда әскери бөлімнің психологтары жас сарбаздармен жеке сұхбаттар мен психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта жас сарбаздар әскери антқа дайындалатын болады.
- Жас сарбаздарды жақсы қарсы алып, олар арнайы казармаларға орналастырылды. Барлық жағдай жасалып, қажетті заттармен қамтамасыз етілді, - деді әскери бөлім командирінің орынбасары ұлан подполковнигі Біржан Мұстафаев.
Келесі мақала
Қысқы оқу кезеңінің нәтижесі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024