
Қысқы оқу кезеңінің нәтижесі
Гвардейск гарнизонының 28123 әскери бөлімі қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау тексерісінен өтті. Әскери бөлімді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының комиссия құрамы тексерді. Комиссия төрағасы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары полковник Дәурен Хамитов болды. Тексеріс, жеке құрамды штат бойынша түгелдеу мен саптық тексеруден басталды. Әскери бөлім жеке құрамы мемлекеттік-құқықтық дайындық, тактикалық дайындық, арнайы дайындық, әскери топография және практика түрінде атыс дайындық пен дене дайындық бойынша сынақтар тапсырды. Тексеріс барысында әскери қызметшілердің қызметтік құжаттары да тексерілді.
Сондай-ақ, комиссия құрамының мүшесі подполковник Эльмира Жумашова, жеке құраммен әлеуметтік сұрақтар бойынша жасырын сауалнама жүргізді.
- Біз қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау тапсырысынан өттік. Тапсыру барысында әр әскери қызметші өзінің деңгейін білді. Жалпы тапсырысты жақсы деген бағаға тапсырдық, - деді майор Болысбек Абикбаев.
Келесі мақала
Ерлікпен қаза тапқандар мәңгі есте
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024