
Байзақта электр энергиясымен қамтуда мәселе жоқ
Байзақ ауданының 43 елді мекені толығымен электр энергиясымен қамтылған. Аудан бойынша электр энергиясының орташа тәуліктік тұтыну көлемі шамамен 10-13 МВт-ты құрайды. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов айтып берді. Оның сөзінше, аймақтағы жалпы абоненттер саны 18 698 екен. Оның ішінде, 517-сі заңды тұлғалар болса, 18 181-і жеке тұлғалар санатына жатады.
«Байзақ өңірінде жалпы 217 трансформатор орналасқан. Аудандық электр жүйесінің теңгерімінде 173 дана трансформатор бар. Ал желілердің ұзындығы 819,61 шақырымға созылып жатыр. Ауылдық округ әкімдерінің теңгерімінде 38 дана трансформатор орнатылған десек, ондағы желілердің ұзындығы 62,121 шақырымды құрайды. Саланы жаңғырту шаралары жыл сайын жүргізіледі. Қуат көзін тарататын мекемелермен ешқандай келіспеушілік немесе проблема орын алған емес. алдағы уақытта да жарықтандыру шараларының сапасын арттыра түсу бағытында жұмыс істей беретін боламыз», - деді Бақыт Алпысбайұлы.
Айта кетейік, былтырғы 6 қаңтардағы табиғи монополияларды реттеу комитетімен бекітілген барлық жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға арнайы тарифке сәйкес электр энергиясын пайдаланғаны үшін төлемдер жүргізеді.
Келесі мақала
Сарыкемердің көшелері самаладай жарқырап тұр
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024