
Сарыкемердің көшелері самаладай жарқырап тұр
Байзақ ауданы бойынша иесіз электр желілері мен трансформаторлар тіркелмеген. Онда 147,46 шақырымды құрайтын 434 көшенің 2019 жылға дейін 151 көшесінде 4 380 дана көше жарықтары орнатылған. Екі жыл бұрын «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыкемер және Байтерек ауылдық округтерінің көшелері толықтай жарықтармен қамтылыпты. Атап айтқанда, Бәйтерек ауылдық округі бойынша 120 млн 863 мың теңгеге 40,7 шақырымды құрайтын 65 көшеге электр желілері орнатылған, 1 008 дана көше жарықтары қойылған. Ал Сарыкемер ауылдық округі бойынша 141 млн 800 мың теңгеге 59 шақырымнан асатын 42 көшеге электр желілері тартылып, 1 015 дана көше жарықтары ілінген.
«2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жалпы 11 млн 316 мың теңгеге 3 көшеге түңгі жарықтар орнаттық. Оның ішінде, Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылы Жаңбырбай көшесіне жалпы құны 4 млн 016 мың теңгені құрайтын, 1 шақырым электр желісі, яғни 28 дана түнгі жарықтар орнатылды. Суханбаев ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылының Ақбозов көшесіне де 1 шақырымға жуық электр желілері тартылып, 9 дана түнгі жарық ілдік. Сол сияқты, Абдуалиев көшесіне де 1 шақырымға жетер-жетпес электр желілері мен 14 дана түнгі жарықтар орнаттық. Бұл жұмыстарға 2 млн 179 мың теңге қаржы жұмсалғанын айта кеткен жөн», - деп түсіндірді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов.
Оның айтуынша, аудандағы Қарасу ауылының Қосы батыр көшесіне 5 млн 121 мың теңге жұмсалып, ұзындығы 2,5 шақырым электр желілері тартылған. Сонымен қатар 63 дана темір бағана қадалып, жарық диодты шамдар орнатылған. Ал былтыр «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында 257 млн 374 мың теңгеге 28 жоба іске асырылыпты. Нәтижесінде, аймақтағы 68 көше жарықтандырылады. Яғни, 34,57 шақырымды құрайтын электр желілері тартылып, 852 дана көше шамдары орнатылған.
«2019 жылға дейін көше жарықтарын орнату бағытында 151 көшеде жұмыстар атқарылса, сол жылы 107 көшеге көше жарықтарын ілдік. Бұл саладағы көрсеткішті 59,4 пайызға жеткізді. Өткен жылға дейін 258 көшеде жарық шамдар орнатылды. 2020 жылғы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында 68 көшені жарықтандырдық. Биылғы жыл қорытындысы бойынша жарықтандырылған көшелер саны 326-ға жетті немесе 75,1 пайызды құрады», - деді Бақыт Алпысбайұлы.
Келесі мақала
Қостөбе мен Бурылдың арасындағы жол теп-тегіс
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024