Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақта үш мекеме тазалық жұмыстарымен айналысады

Байзақта үш мекеме тазалық жұмыстарымен айналысады
ашық дереккөз
Байзақта үш мекеме тазалық жұмыстарымен айналысады
Байзақ ауданында елді мекендерде кездейсоқ күл-қоқыс орындарын болдырмау мақсатында 18 ауылдық округтерде тұрғындардан шыққан тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонға тасымалдаумен 3 мекеме айналысады. Олар – «Зауырбекова», «Тазалық», «Баймұхамбетов» жеке кәсіпкерліктері. Бұл мекемелердің жалпы 11 техникалары бар, күл-қоқыстар аптасына 1-2 рет шығарылады. Шығару құны әр жеке тұлғаға айына 77 теңгеден айналады екен. Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен аудан әкімінің арасындағы келісімге сәйкес аудан тұрғындарының кемінде 97 пайызын жоғарыда аталған қызмет түрімен қамтамасыз етілуі қажет. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың сөзінше, ауылдық округ әкімдері тұрғындармен тиісті жұмыстарды жүргізуде, дегенмен жалпы тұрғындарды қамту үлесі 94,6 пайызды құрап отыр. «2021 жылдың 12-13 наурыз, 10, 17, 24 сәуір күндері Тараз-Сарыкемер, Сарыкемер-Дихан және Сарыкемер-Байзақ ауылдарына баратын автомобиль жолдарының бойына аудан орталығында орналасқан мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Әр сенбілік жұмыстарына орташа есеппен 412 адам қатысып, өздеріне берілген жер бөлінісінде ретсіз өскен бұтақтарды шауып, автомобиль жолының бойындағы талдарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Аудан аумағындағы жалпы 10 саябақ пен 17 скверлер мен демалыс орындары талапқа сай абаттандырылуы үшін санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды», - деп түсіндірді Бақыт Алпысбайұлы. Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жоспарына сәйкес, Байзақ ауданы аумағында 2021-2025 жылдар аралығында 100 000 дана ағаш көшеттері отырғызу көзделген.

Ұқсас жаңалықтар