
Байзақ ауданында тазалық жұмыстарына айрықша мән беріледі
Байзақ аудандық бюджеттен елді мекендерді абаттандыру жұмыстары мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 102 млн 657 мың теңге бөлінген. Мұның ішінде, абаттандыру және көгалдандыру шараларына 94 млн 074 мың теңге қаралған екен. Санитарлық тазалыққа 8 млн 583 мың теңге жоспарланса, көктемгі 2 айлық жұмыстарға 55 млн 370 мың теңге жұмсалған. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов бұл қаражаттың 51 млн 010 мың теңгесі абаттандыру шараларына, 4 млн 360 мың теңгесі санитарлық тазалыққа салынғанын айтады. Жоспарға сәйкес, ауылдық округтерде әр сенбі сайын тазалық жұмыстарын ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер уақытылы ұсынылған.
«Бүгінгі күнге дейін қоғамдық орындарды абаттандыру, сыртқы безендіру және санитарлық тазалықты қалыптастыру мақсатында ауылдық округтерде 8 сенбілік жұмыстары өтті. Екі айға жалғасқан бұл науқандық шараға 10 993 адам қатысып, 1 827 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Олар 110 шақырымға созылып жатқан арықтар мен каналдарды қоқыстан арылтса, 444 шақырым көшеге тазалық жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар 16 035 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен скверлерді тазалады. 103 жердегі қоқыс төгетін орындар жойылып, 261 тонна күл-қоқыс полигонға тасымалданды», - деп атап өтті Бақыт Алпысбайұлы.
Ол 4 984 дана бағаналар сырланғанын, 9 516 дана ағаш көшеттері отырғызылғанын атап өтті. 13 827 түп теректер әктелсе, 13 033 түп тал бұтақтары кесіліп, реттелген. Сонымен қатар 38 ескерткіштердің аумақтары көркейтіліп, 2 854 шаршы метр гүлзарлар отырғызылған екен.
Келесі мақала
Байзақта үш мекеме тазалық жұмыстарымен айналысады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024