
Сарыкемерде екі отбасы баспаналы болды
Байзақ ауданы бойынша 12 адамнан тұратын тұрғын үй комиссиясы құрылған. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезегіне 1 414 азамат тіркелген. Кезекке қою жұмыстары 2014 жылдан басталыпты. Деректерге сәйкес, ата-анасының қамқорлығынан айырылған, жетім 108 баланың тұрғын үй кезегі бойынша 1-еуі баспаналы болған. Кезекте тұрғандардың 91-і бірінші және екінші топтағы.мүгедектер, 86-сы мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар екен. 536 көп балалы отбасы, 2 оралман, 5 зейнеткер, 286 толық емес отбасылар тіркелген. Тұрғын үй кезегінде 300 мемлекеттік қызметкер бар.
«2019 жылы аудандық маслихаттың шешімімен аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу порталымен 8,4 млн теңгеге 2 тұрғын үй пәтері сатып алынды. Нақтылай айтқанда, Сарыкемер ауылындағы Сатпаев көшесінде орналасқан №3 үйдің 9, 11 пәтерлері. Олар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Занға сәйкес көп балалы отбасыларға жалдамалы пәтер түрінде берілді. Оның 3 бөлмелісіне Урдабаева Толқын Гаиибовна қоныстанса, 2 бөлмелісіне Дурсунов Камал Жамалович бала-шағасымен көшіп барды. Аталған азаматтардан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін әр айдың 5 не дейін 3 330 теңгеден аудандық кірістер басқармасына ақы төленуде», - деп түсіндірді Бақыт Алпысбайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024