
Мембағдарламалар арқылы байзақтық 63 азамат баспаналы болды
Былтыр «Нұр баспана» сервистік бағдарламалық өнімінде кезекте тұрған байзақтықтардың тізімін түгендеу мақсатында жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесі бойынша 841 қателіктер анықталып, толығымен жойылған. Қателіктердің басым көпшілігі отбасы мүшелерінің ЖСН нөмірлері дұрыс көрсетілмегендігінен екен. Тексеру нәтижесіне және Байзақ аудандық тұрғын үй комиссиясының шешіміне сәйкес 81 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылады. Оның 59-ында соңғы 5 жылда жеке меншігінде жылжымайтын мүлік тіркелген, 20-сы тұрғылықты мекен-жайларын ауыстырған, 2-еуі Тараз қалалық тұрғын үй кезегінде тұр екен. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов айтып берді. Оның сөзінше, 2019 жылдың шілде айынан бастап заем сомасының 10 пайыздан басталатын ең төменгі бастапқы жарнасын төлеу арқылы 2,1 пайыз жылдық заем мөлшерлемесімен 20 жылға дейін бөліп төлеу жолдары қарастырылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған. Осы бағытта жыл басынан бері 212 азаматқа «Отбасы банкі» АҚ-на жолдама берілген. Оның 97-сі көп балалы отбасы болса, 73-і толық емес отбасы, 42-сі мүгедек баласы бар отбасы.
«Былтыр іске қосылған «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламасына ниетті азаматтарға аудандық тұрғын үй кезегіне тұру арқылы «Отбасы банкі» АҚ-на тікелей қатысу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша аудандық тұрғын үй кезегінде тұрған әр азаматқа жеке түсіндіріліп, нәтижесінде ниетті азаматтар анықталмады. Бүгінгі күнге мемлекеттік бағдарламалар арқылы 63 азамат баспанаға қол жеткізді. «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламасы бойынша 42 азамат, «Бақытты отбасы» бағдарламасы 21 азамат тұрғын үй мұқтаждығынан арылды», - деді аудан басшысы.
Келесі мақала
Байзақ ауылына таза ауыз су келді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024