Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақ ауылына таза ауыз су келді

Байзақ ауылына таза ауыз су келді
ашық дереккөз
Байзақ ауылына таза ауыз су келді
Байзақ ауданы Байзақ ауылының су қабылдау ғимараттары мен су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, жергілікті тұрғындар таза ауыз суға қол жеткізді. Ауданның әкімі Бақыт Қазанбасов жергілікті жұртты айтулы оқиғамен құттықтап, мұндай шаралар әлі де жалғаса беретіндігін айтты. - Халықты таза сапалы ауыз сумен қамту – басты міндеттердің бірі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Байзақтағы 43 елді мекеннің 56 пайызы таза ауыз сумен қамтылса, жыл басынан бері 7 ауылда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Міне, бүгін Байзақ ауылының тұрғындары үшін таза ауыз су жүйесі іске қосылып отыр, - деді Бақыт Алпысбайұлы. Ботамойнақ ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеулімжай Шартықбаев жергілікті тұрғындар атынан аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізген «Тараз Строй-2004» ЖШС жұмысшыларына алғысын білдірді. Жалпы, Байзақ ауылы бойынша су құбыры желісінің ұзындығы 31 шақырымды құраса, оған қосылған 1 021 ауладағы бес мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды. Жергілікті 4 тұрғын «Байзақ Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тұрақты жұмысқа қабылданған.

Ұқсас жаңалықтар