Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақ ауданында екі мектептің қазандықтары жаңарды

Байзақ ауданында екі мектептің қазандықтары жаңарды
ашық дереккөз
Байзақ ауданында екі мектептің қазандықтары жаңарды
Биыл Байзақ ауданы әкімдігі тарапынан Сейфуллин атындағы, Берікқара, Өнер мектептерін және Ақжар балабақшасын табиғи газ желісіне қосу бағытындағы 4 жобаның құжаттары әзірленіп, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім ұсынылған. Әзірге Берікқара мектебі қазандығының құрылыс жұмыстары қолдау тапса, қалған 3 жоба келесі жылдарға қалдырылған. Бүгінде облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсыры бойынша «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 33,7 млн теңге бөлініп, Аймантөбе ауылында орналасқан Берікқара орта мектебінің қазандығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қазан айында аяқталды. «Аудандағы білім бөліміне қарасты мектептер мен балабақшалардың жылыту маусымына дайындығы туралы айтсам, бүгінгі таңда Ақжар ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің, Жақаш ауылындағы А.Суханбаев атындағы орта мектебінің жылу қазандықтары ескіріп тозығы жетуіне байланысты ауыстыруды қажет етеді. Сол себептен, аталған мектептерге қазандықтар алу үшін жергілікті қазынадан 4,5 млн теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланған. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім шарт жасалуда», - деп атап өтті аудан әкімі Бақыт Қазанбасов.

Ұқсас жаңалықтар