
Баузақта үш білім ошағы күрделі жөндуден өтті
Биыл Байзақ ауданының аумағындағы Көкөзек ауылындағы Ақбозов атындағы орта мектебінің ғимаратына жанама құрылыс жүргізілді. Осыған байланысты аталған мектепті жылытуға арналған қазандықтың қуаттылығы жетпей, қуаттылығы 4 000 кВт модульдік қазандық алу үшін облыстық бюдежттен 18,5 млн теңге қарастырылған екен. Бүгінде мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып мердігер мекеме анықталған. Сонымен қатар Бурыл ауылында соғылған 300 орындық жаңа мектептің қазандығы көгілдір отын көзіне қосылыпты. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов мәлімдеді. Ол ағымдағы жылы білім бөліміне қарасты 3 мектепке жалпы құны 624,3 млн теңгені құрайтын қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
«Жақаш ауылындағы А.Суханбаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 292,5 млн теңге бөлінген болатын. Мердігер мекеме – «Тараз Прогресс» ЖШС-мен 252,2 млн теңгеге биылғы 6 сәуірде келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Көкбастау ауылындағы Амангелді атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына да 205,1 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме – «Агроспецстрой» ЖШС-мен 176,8 млн теңгеге 26 наурыз күні келісім-шарт жасалды. Бүгінде онда да шаруалар тиянақталып, білім ошағы толық режімде жұмыс істеп тұр», - деді Бақыт Алпысбайұлы.
Аудан басшысы Құмжота ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 226,4 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Мердігер «ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС-мен 195,3 млн теңгеге келісім-шарт жасалған екен. Онда да бүгінде жұмыстар толық бітіп, оқушылар еркін білім алып жатыр.
Келесі мақала
Байзақта бір отбасы баспаналы болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024