Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақта бір отбасы баспаналы болды

Байзақта бір отбасы баспаналы болды
ашық дереккөз
Байзақта бір отбасы баспаналы болды
Былтырғы жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынып, жүзеге асырылған «Асарлатып үй салу» жобасы түрлі дәрежедегі көптеген отбасыларды баспана қуанышына бөлегені белгілі.  width= Аталмыш жоба үстіміздегі жылы да өз жалғасын тауып, нәтижесінде Байзақ ауданы аумағындағы бірқатар ауылдық округтерде игі іс жалғасын тауып жатыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Көкбастау ауылында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы Әліпбековтер отбасы баспана қуанышына бөленді. Көкбастаулық тұрғындардың қуанышты сәтін аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов бірге бөлісті. Дәуір Рысбайұлы өз құттықтауында «Асарлатып үй салу» жобасының мәні мен мазмұнына екпін сала отырып, аталмыш игі істің ел ішінде қайта жанданып, мұқтаж кісілерге, жетім мен жесірге, аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға шарапаты тие бастағаны – елдігіміздің үлкен сипаты екеніне тоқталды. «Баспана – бақыт шамы» деп те жатады халқымыз. Расында, үйі бардың күйі бар. Әсіресе, көп балалы, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы шаңырақтарымыздың үйі болғаны маңызды. Өйткені, олар мемлекетіміздің тұрғындарының көбеюіне атсалысып жатыр», - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Д.Дәулетов.

Ұқсас жаңалықтар