
Таласта туып, Алашқа танылған
Талас ауданының 95 жылдығы, Қаратау қаласының 60 жылдығына орай Талас аудандық орталық кітапханасының мәжіліс залында Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, “Түркі әлеміне қызметі үшін” халықаралық сыйлығының жеңімпазы, көрнекті қаламгер "Алаш" сыйлығының иегері, Талас ауданының тумасы, ақын Рафаэль Ниязбектің 80 жылдық мерейтойына орай “Алаштың ақтаңгер ақыны” атты поэтикалық еске алу кеші өтті.
Бұл туралы «NAQ.kz» ақпарат агенттігі Талас аудандық орталық кітапханасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске алу кешінде ақынның аяулы жары Гүлжан Мұхамедиқызы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Олар аудандық маслихаттың төрағасы Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы, аудан әкімінің орынбасары Абдибекова Айтолқын Серікқызы, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Қартабаев Ғалым Тамабекұлы, Талас ауданының Құрметті азаматы Байұзақ Көлбайұлы Көлбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсемов Жұмабек, Д.А.Қонаев мұражайының атқарушы директоры Ілес Нұрұлы, ақынның қарындасы Оразалиева Зайтуна Нұртайқызы қатысты.
Кештің алғашқы құттықтау сөзі Талас ауданы әкімінің орынбасары Абдибекова Айтолқын Серікқызына беріліп, кеш қонақтары ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктерімен бөлісті.
Алаштың ақтаңгер ақыны Рафаэль Ниязбек – азуын айға білеген арқалы ақындардың бірі. Шешен Республикасының ең жоғары «Къоман сий» (Ұлт намысы) орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік және Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлықтарының лауреаты, ел мойындаған көрнекті ақын.
Іс-шара барысында ақынның өнегелі өміріне арналған "Тұлға" атты деректі фильм көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері мен жас буын ақынның "Туған жер", "Шіркін-ай" және «Ата қазақ» өлеңдерін оқыды.
Сонымен қатар, Қаратау технология білім және бизнес колледжінің білімгерлері және Қаратау көпсалалы білім және бизнес колледжі білімгерлері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияның оқушылары шағын көріністерін тамашалатты.
Кеш соңында ақынның аяулы жары Гүлжан Мұхамедиқызы мен ақынның қарындасы Зайтуна Нұртайқызы да келер ұрпаққа мол рухани азық болар тәрбиелік мәні зор естеліктерімен бөлісіп, кеш қонақтарына ақынның кітаптарын сыйлады.










Келесі мақала
«Салауатты ауыл» атанған Әлжан ана ауылы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024