Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

«Салауатты ауыл» атанған Әлжан ана ауылы

«Салауатты ауыл» атанған Әлжан ана ауылы
ашық дереккөз
«Салауатты ауыл» атанған Әлжан ана ауылы

Денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі «Жол картасына» сәйкес, «PREMARY HEALTH CARE» Ұлттық қауымдастығының Президенті, профессор Төлебай Рақыпбековтың қатысуымен Қордай орталық аудандық ауруханасы базасында «Үздік тәжірибелер орталықтарының» тәжірибесі бойынша «МСАК-тың жаңа пациентке бағдарланған моделін енгізу» тақырыбында конференция өткізіліп, «Салауатты ауыл» ашылды.  width= Бұл туралы «NAQ.kz» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.  width= Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы “Салауатты ауыл” атанып, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен аудандық әкімдік және ауыл тұрғындары арасындағы үшжақты өзара Меморандумға қол қойылды.  width=  width= Меморандум мақсаты - ауыл тұрғындарын ауырмаудың алдын алуға, профилактикалық тексерілулерден дер кезінде өтіп, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру. Үшжақты Меморандум негізінде алдағы уақытта Әлжан ауылында бірқатар игілікті іс-шаралар атқарылмақшы. «Салауатты ауыл» жобасының ашылуында ауыл қариялары ән айтып, көңілді сөздермен елді салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.  width= Сонымен қатар, ауыл тұрғындары медициналық тексеруден өтіп, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, терапевт және т.б. бейінді мамандардың медициналық кеңестерін алды. Ауру қаупі байқалғандарға аудандық ауруханаға жолдамалар беріліп, алдағы уақытта толық тексерілуге және емдеуге жіберілетін болады.  width=  width=  

Ұқсас жаңалықтар