
Қайнар ауылына асфальт төселіп, көшеге жарық орнатылуда
Байзақ ауданы аумағындағы Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылының инфрақұрылымын дамытуға аса мән берілуде. Ондағы Бірлік көшесіне орташа жөндеу және көше жарығын орнату жұмыстарына республикалық және облыстық қазынадан 37 407, 2 мың теңге қаралып, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуына қарағанда, аталған жоспарға сәйкес, республикалық бюджеттен бұл бағытқа 35 151,1 мың теңге бөлініп, нәтижесінде қаралған қаражат арқылы көше жарығын орнату жұмыстары толығымен аяқталған.
Қазіргі таңда мұнда асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеменің өкілдері техника да, жұмысшылар да жеткілікті екенін жеткізді. Жұмыс барысы да талапқа сай атқарылу үстінде.
Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы мердігер серіктестіктің атқарып жатқан жұмыстары барысымен танысып, оң бағасын берді. Мердігер «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Бірлік» көшесіне жүргізіп жатқан орта жөндеу жұмыстарына куә болған аудан басшысы, әсіресе сапаға мән беру қажеттігіне көңіл бөліп, нақты тапсырмалар жүктеді.
«Әрбір іске мұқият болған абзал. Шаруаны әр күн сайын бақылауда ұстап отырамыз. Бізге тұрғындардың атқарылған іске разы болғаны керек», - деді Б.Қазанбасов.
Келесі мақала
Жылыту маусымына дайындық барысын пысықтады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024