
Жылыту маусымына дайындық барысын пысықтады
Апта басында Байзақ ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет ауданның әлеуметтік нысандарының жылыту маусымына дайындығын көрді. Іссапары барысында Рүстем Рысбайұлы Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіндегі жүргізілген жанама құрылыспен, Құмжота ауылындағы «Нұр» массивіндегі электрлендіру мәселесімен, Көктал ауылындағы 600 орындық, Сеңкібай ауылында салынып жатқан 100 орындық жаңа мектеп құрылыстарымен, Кеңес ауылындағы №3, Тегістік ауылындағы Ә.Жанқұлиев атындағы, Көкөзек ауылындағы Т.Ақбозов атындағы орта мектептерінің жылыту маусымының өту барысымен және Түймекент ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.
Сонымен қатар, Ақжар ауылындағы С.Сейфуллин атындағы, Жақаш ауылындағы С.Суханбаев атындағы, Көкбастау ауылындағы Амангелді атындағы орта мектептеріндегі күрделі жөндеу және жылыту маусымының өту барысын зерделеп, Сарыкемер ауылындағы аудандық орталық аурухананың жылыту маусымын өткізу жұмыстарын пысықтады. Ауданда жаңадан бой көтеріп жатқан мектептерде мердігерлерге құрылыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды. Зерделеу барысында бірқатар кемшіліктер де анықталды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға кеткен кемшіліктерді түзетуді міндеттеді.
Келесі мақала
Көшпелі отырыста жылыту маусымына әзірлік сөз болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024