Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Көшпелі отырыста жылыту маусымына әзірлік сөз болды

Көшпелі отырыста жылыту маусымына әзірлік сөз болды
ашық дереккөз
Көшпелі отырыста жылыту маусымына әзірлік сөз болды
Байзақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыстық көшпелі штаб отырысы өтті. Онда Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы туралы мәселе қаралды. Штаб жұмысына төрағалық еткен аймақ басшысының орынбасары Рүстем Дәулет отырысқа қатысып отырған аудандардың әкімдері мен олардың салалық орынбасарлары, басқарма басшылары мен жергілікті отын-энергетика кешені кәсіпорын басшыларының көздеген мақсаты бір екенін атап өтті. «Тіршілікті қамту нысандарында, бюджеттік нысандарда, орталықтандырылған жүйемен жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту маусымын қалыпты өткізу – басты мақсатымыз. Биылғы жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін жұмыс барысын ұдайы бақылауға алу керек. Осы жылыту маусымына аудан әкімдіктерінің дайындығын және өту барысын зерделеу, проблемалық мәселелерді талдау, қалыпты өткізу мәселесіне қатысты төрт аудан әкімдіктерін біріктіріп, көшпелі штаб отырысын өткізіп отырмыз», - деді Рүстем Рысбайұлы. Отырыста облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев жоғарыда аталған төрт аудан бойынша жылыту маусымының өту барысы жөнінде хабарлама жасады. Хабарламашы облыс бойынша әлеуметтік нысандардағы қазандықтардың толық дайын еместігін айтып, жауаптыларды сынға алып, слайд арқылы баяндады. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымының өтуі және көмірмен қамтамасыз етілуі туралы облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов есеп берді. Бұдан кейін аудандарда жылыту маусымының өту барысы жөнінде Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаевтың есептері тыңдалды. Есепті баяндамалар бойынша атқарылған жұмыстар назарға алынып, анықталған кемшіліктерге байланысты нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар