Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Қордай ауданының әкімі кезекті жеке қабылдауын өткізді

Қордай ауданының әкімі кезекті жеке қабылдауын өткізді
ашық дереккөз
Қордай ауданының әкімі кезекті жеке қабылдауын өткізді
Аудан әкімі Б. Болатбеков жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды «NAQ.kz» ақпарат агенттігі әкімдікке сілтеме жасап. Жеке қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Аптаның сәрсенбісінде аудандық әкімдікке тұрғындар көптеп жиналды. Олардың арасында көпбалалы және жалғызбасты аналар, өзге де әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар басым болды. Қабылдаудағы тұрғындардың сауалдары әр қилы болғанымен, түптеп келгенде барлығы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға қатысты.  width= Тұрғындардың көпшілігі жер кезегі мен тұрғын үй мәселесін көтерген. Аудан әкімі қазіргі таңда ауданда тұрғын үй және жер кезегі мәселесі өзектілігін жоғалтпай келген мәселелердің бірі екенін айтып, оның Заң аясындағы тәртібін және кезекті қадағалау мәселесін түсіндіріп, осы сала мамандарына тапсырмалар берді.  width= Сонымен қатар, көпшіліктің сұрауын жеткізген Бетқайнар ауылының тұрғыны ауылдағы Қазақстан көшесінің бойындағы ғимаратты мектеп нысанына айналдыруға ықпал етуді сұраған. Аудан басшысы бұл мәселені жан-жақты зерделеп, қарастыратынын жеткізді.  width= Қоғамдық қабылдауға барлығы 17 азамат жүгінген. Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар