
Т.Рысқұлов ауданында мәдениет үйі ел игілігіне берілді
Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында 20 қазанда Т.Рысқұлов ауданының Көгершін ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды NAQ.kz ақпарат агенттігі.

Бұрынғы жылдары Көгершін ауылының мәдениет үйі аудандағы ең көрікті ғимараттың бірі болып саналатын.
Алайда, тоқырау жылдарында мәдениет ошағы қараусыз қалып, әбден тозығы жетті. Ауыл тұрғындары бұл мәселені кез келген жиында мәселе етіп көтеретін. Міне, сол мәселе биыл оң шешімін тапқан.

Бүгінде Көгершін ауылында аумағы 217,13 шаршы метрді құрайтын 120 орындықты жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, жаңа ғимарат бой көтерді.

Мереке қарсаңында жаңа мәдениет нысанының ашылу рәсімі ұйымдастырылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жағымды жаңалыққа көгершіндіктер дән риза.

Енді түрлі деңгейдегі мерекелік іс-шаралардың барлығы жаңа мәдениет ғимаратында өтетін болады.
Алдыңғы мақала
Республика күніне Жамбыл ауданында 7 спорт нысаны ашылады
Келесі мақала
Кір сабын жасау – шығыны аз кәсіп
Ұқсас жаңалықтар
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024