Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Талас ауданының 95 жылдығы және Қаратау қаласының 60 жылдығына орай іс-шаралар аудандарда кең көлемде аталып өтті

Талас ауданының 95 жылдығы және Қаратау қаласының 60 жылдығына орай іс-шаралар аудандарда кең көлемде аталып өтті
ашық дереккөз
Талас ауданының 95 жылдығы және Қаратау қаласының 60 жылдығына орай іс-шаралар аудандарда кең көлемде аталып өтті
Ауданның 95 жылдығы аясында ағымдағы жылдың 18 қазан күні  “Ауылым - алтын бесігім!” атты өнер фестивалі Кеңес ауылдық округінде өз жалғасын тапты. Мерекелік іс-шарада ауылдық округтің өзіндік ерекшеліктері мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлттық өнерімен қоса, ауылдың тыныс тіршілігімен таныстырылды. Мерекелік кешті Бөлтірік ауылының ақ жаулықты әжелері әсем әнмен ашып, окруктегі ән, би үйірмелерінің мың бұралған бишілері мен күміс-көмей әншілері өнерлерін көрсетті. Ауыл тұрғындары мерекелік кешті тамашалады.  width= Ауылдық кітапхананың кітапханашысы  «Ауылым-алтын бесігім» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. Өнер фестивалі Қараой ауылында жалғасын тапты. Жыл сайынғы дәстүрлі дода биылда қызу, тартысты өтті. Мереке қарсаңында өткізіліп жатқан ауылдық округтер арасындағы аламанның көркі жылдан жылға жанданып келеді. Әр жыл сайын жаңа таланттар, жаңа есімдер өнер есігін ашуда. Одан бөлек дәстүріміз дәріптеліп, ұмыт боп бара жатқан көнерген алтын көмбелеріміз ашылып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталуда.  width= "Ауылым алтын бесігім" атты мәдени іс-шарасы Ойық ауылының саябағында ұйыдастырылды. Іс - шараның жақсы өтуіне ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлері ат салысты. Таластан шыққан ақын-жазушылардың еңбектері насихатталып кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.  width= Тамды ауылында өткен мәдени іс-шарада ауылдың өзіндік ерекшеліктері мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлттық өнерімен қоса, ауылдың тыныс тіршілігі таныстырылды.  width= Мәдениет үйінің әншілері әсем ән мен мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетіп, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Мұнда да кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.  width=  

Ұқсас жаңалықтар