Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Әдеп жөніндегі уәкіл аудан тұрғындарымен кездесті

Әдеп жөніндегі уәкіл аудан тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөз
Әдеп жөніндегі уәкіл аудан тұрғындарымен кездесті
Адам құқықтар жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев жұмыс сапарымен Талас ауданында болды.  width= Сапар барысында Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарымен және мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері, азаптауларға және басқа да қатыгез іс-әрекеттер мен жаза түрлеріне қарсы ұлттық превентиктік тетігінің жұмысы, сондай-ақ гендерлік теңдік және әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері туралы ақпаратпен бөлісті.  width= Шара соңында өкіл Б.Байхожаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Сонымен қатар, Талас ауданының орталығы Қаратау қаласын аралап, жол құрылысы, жаяу жүргіншілер жолы, қала маңындағы Жартас көліндегі жағажайдың тазалығы мәселелері бойынша тұрғындардың шағымдарын тыңдады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі

Ұқсас жаңалықтар