Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Құрылыс қарқынды дамып келеді

Құрылыс қарқынды дамып келеді
ашық дереккөз
Құрылыс қарқынды дамып келеді
Қай саланың да қозғаушы күші құрылыс екеніне ешкім күмән келтірмесі анық. Себебі, кез келген өңірдің өсіп-өнуі осы салаға тікелей байланысты. Бүгінде Талас ауданында тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Осылайша, құрыш қолды құрылысшылардың тынымсыз еңбегі өндірісті өлкенің барлық саласына қан жүгіртті. Есепті кезеңде ауданда тұрғын үй саласы бойынша 4 жоба аясында 2 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртуға және 2 көпқабатты тұрғын үйдің инженерлік-инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға 600 миллионнан астам қаржы қарастырылған. Нәтижесінде Қаратау қаласының 3 мөлтек аудандағы №5,6 жатақхана ғимараты қайта жаңғыртылып, инженерлік-инфрақұрылымына айрықша назарға алынуда. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары басталып, қызу жұмыс жүргізілуде.  width=  width= Ал, Б.Момышұлы көшесіндегі №17 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға аудандық бюджеттен 1 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, 2 көпқабатты тұрғын үйлерді дайын күйінде сатып алу үшін республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, көпқабатты тұрғын үйлерді сатып алу бойынша конкурстар жарияланды. Атап өтерлігі, құрылыс қарқыны тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрғандарға да оң әсер етті.  width=  width=  width= Ауданда соңғы уақытта заманауи түрлі спорт кешендері пайда болып, тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына да қолайлы жағдай жасап жатыр. Мәселен, Бостандық ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Оның құны – 562 миллион теңге.  width= Ал, «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Ойық ауылында дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуге 122 миллион теңге бөлінді. Нысан 2024 жылға өтпелі. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде «АКМ Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіні жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  width= Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар