
Табиғи газбен қамту жұмыстары артып келеді
Кейінгі жылдары елімізді одан әрі газдандырудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық маңызы зор. Бастысы, бізде тауарлық және сұйытылған газды көбірек өндіруге қажетті жағдайдың бәрі бар.
Оның үстіне, теңдестірілген әрі коммерциялық тұрғыдан тартымды газ нарығын қалыптастыру – уақыт талабы. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да кеңінен айтқаны белгілі.
Бүгінде Талас ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жоспарға сай, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Биыл ауданға қарасты Майтөбе, Қожағаппар ауылдарын газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті сараптама қорытындысы алынды.
Жобалық-сметалық құжаттаманың жалпы құны - 2 миллиард 74 миллион теңге. Ал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қарой және Көктал ауылдарын газбен қамтамасыз етуге жобалық-сметалық құжаттама дайындауға және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 34197 мың теңге қаражат қарастырылды. Жобаны әзірлеуші «Әсем Жоба Құрылыс» және «Улмад» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Талас ауданы
Келесі мақала
Адам саудасының алдын алуға арналды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024