Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Адам саудасының алдын алуға арналды

Адам саудасының алдын алуға арналды
ашық дереккөз
Адам саудасының алдын алуға арналды
Талас ауданы әкімдігінің ғимаратында адам саудасының алдын алу және еңбекті пайдалану құрбандарын анықтау және олармен күресу жөніндегі облыстық ведомствоаралық мобильді топ кездесуі өтті.
 width= Жиынға Талас ауданы прокурорының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Искандербекұлы, Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полияция майоры Шолпанқұлов Әділхан, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы Құраметов Бақытжан арнайы қатысты.
 width=
Мобильді топтың мақсаты – адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, мәжбүрлі еңбекті анықтау және алдын алу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, адам саудасының құрбандарын, оның ішінде әлеуетті құрбандарын анықтау болып табылады.
Талас ауданының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар