Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Мемлекеттік инспектор инфрақұрылымдық жұмыстарға мән берді

Мемлекеттік инспектор инфрақұрылымдық жұмыстарға мән берді
ашық дереккөз
Мемлекеттік инспектор инфрақұрылымдық жұмыстарға мән берді

Осы аптада  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік  инспекторы Ғабидолла Оспанқұлов Байзақ ауданына жұмыс сапарымен келді. Ол төтенше жағдайға байланысты аудандағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, Қайнар ауылының тұрғындарымен кездесті. Ғабидолла Абдоллаұлы аудан әкімі Бақыт Қазанбасовпен бірге Қайнар ауылының жергілікті тұрғындарымен кездесіп, қалпына келтіру шаралары, инфрақұрылымдық жұмыстар, жол мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында екенін және белгіленген мерзім ішінде толығымен аяқталатынын жеткізді. Жалпы, жөндеуді қажет ететін 122 жылжымайтын мүлік анықталған десек, оның ішінде, 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысан бар. Қалпына келтіру жұмыстарына 12 мердігерлік ұйым тартылып, 23 техника мен 185 адам жұмылдырылған. Бүгінгі таңда, жеңіл бүлінген 62 тұрғын үй қалпына келтіріліп үлгерілген. Жалпы, қалпына келтіру жұмыстары 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда. Мемлекеттік инспектор ауыл тұрғыны Асхат Мамбетовтің үйінде болып, ондағы жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарының барысына куә болды. Бұдан соң Ғабидолла Оспанқұлов Жібек жолы ауылында бой көтеріп жатқан 150 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының үстіміздегі жылдың 30 тамызы күні берген №121 қорытындысы бойынша сейсмикалық қауіпті деп танылған Жібек жолы ауылындағы №5 мектептің орнына жаңа мектептің құрылысы басталып та кеткен. «Сырым Белеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер болып танылған, 1,5 гектар аумақты алып жатқан құрылыстың жалпы сметалық құны 766 миллион теңгені құрайды. 150 орындық мектеп ғимаратының жалпы ауданы 2846 шаршы метрді құрайды. Аталған жұмыстардың жай-күйіне қаныққан Мемлекеттік инспекторға аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Асқар Прманов қосымша түсінік берді.  

Ұқсас жаңалықтар