
Күні ертең жылыту мәселесі жыр болмауы керек
Әне-міне дегенше, қыр астында қылышын сүйретіп қыс мезгілі де келіп қалары анық. Сондықтан, Байзақ ауданы бойынша қысқы жылыту маусымына дайындық барысын пысықтау аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібінде қаралды. Бүгінде аудан аумағында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 139 нысан (білім беру - 50, балабақша - 23, мәдениет - 19, спорт - 2, денсаулық сақтау нысандары - 45), оның ішінде, 54 қазандық қысқы жылыту маусымына дайындалуда. 139 нысанның 97 газбен, 42 қатты отынмен, ал, 54 қазандықтың 11-і қатты отынмен, 43-і газбен жылытылады. 7 қазандыққа «Жамбыл Жылу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, 4 қазандыққа «Байзақ су» КМК-ы қызмет көрсетеді.
Аталған қазандықтардың қысқы жылыту маусымына әзірлік паспорттары және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 142 от жағушы операторлар арнайы оқу курстарынан ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізіліп, рұқсат қағаздарын алатын болады.
Жергілікті бюджеттен мекемелерге жалпы сомасы 26,8 млн теңге қаралса, оның 7,15 млн теңгесі 372 тонна қатты отын түсіруге бөлінген. Ал, көгілдір отынға 19,7 млн теңге қаралған екен. Денсаулық сақтау нысандарына облыстық бюджеттен 4 млн. теңгеге 220 тонна қатты отын түсіру жоспарланса, көгілдір отынға 8,6 млн. теңге қарастырылған. Сондай-ақ, білім беру нысандарына облыстық бюджеттен 36,9 млн теңгеге 1734 тонна қатты отын түсіру және көгілдір отынға 39,9 млн. теңге жоспарланған. Аудан бойынша жалпы бюджеттік 23 балабақша орналасқан. Оның 16-сы газ жүйесімен, 7-еуі көмірмен жылытылады. Қажетті отын қорын алуға жергілікті бюджеттен 18,75 млн теңге қаралған.
Оған қоса, жылыту маусымына аудан тұрғындарына 4544 тонна көмір тасымалдау да жоспарда тұр. Қазіргі таңда ертерек қамданған тұрғындар 28,9 пайыз немесе 1316 тонна көмір түсіріп алған.
Нысандарды көгілдір отынға қосу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде осы жылы 13 нысанды көгілдір отынға қосу жұмыстары жоспарлануда. Олардың қатарында, С.Сейфуллин, Берікқара, Амангелді, Қарасу, №3, Ш.Уәлиханов, Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектептер мен Өнер мектебі, сонымен бірге, «Ақжар», «Айгүл», «Балдаурен», «Айгөлек» балабақшалары бар.
Осының ішінен төрт жобаның, атап айтқанда, Берікқара, С.Сейфуллин атындағы орта мектептері мен «Өнер» мектебі және «Ақжар» балабақшасының құжаттары әзірленіп, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім ұсынылған. «Берікқара» орта мектебінің құрылыс жұмыстары басқарма тарапынан қолдау тапса, қалған 3 жоба келесі жылдарға қалдырылған. Сонымен қатар, аппараттық жиында аудан бойынша дебиторлық қарыздар мен вакцинациялау жұмыстарының жүргізілуі қаралды.
Жиын барысында аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселеге байланысты әрбір бөлім, мекеме басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Аталған тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, оның орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024