Таразда Д. Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир басталды
- NAQ.KZ
- 3 қараша, 2023
- 3.9k


- Бүгінде біз ел спортының қарқынды дамып келе жатқандығын зор мақтанышпен айта аламыз. Өйткені, Қазақстанның спорттағы жарқын жетістігі мен жеңісті жолдары – төрткүл дүниеге белгілі. Көк туымызды көкке көтеріп, ел абыройын асқақтатқан спортшыларымыз байрақты бәсекелерде асқақ асулар мен биік белестерді бағындыруда.
Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде спортпен айналысуға барлық қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізде спортты, оның ішінде бұқаралық спортты өркендетуге айрықша көңіл бөлуінің жарқын көрінісі.
Қазақ үшін асыл тұлғалардың бірі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың парызы деп білемін.
Еркін күрес халықаралық спорт әлемінде беделі жоғары екендігі баршамызға белгілі. Сондай-ақ, еліміздің спорт тарихына аттары алтын әріппен жазылған Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров және басқа да даңқты спортшыларымыз бар. Дарабоз спортшылардың ізбасарлары Рахат Қалжан, Ерғали Алишер, Ергеш Дәулет және басқа да жас спортшылардың келешектерінен зор үміт күтеміз.
Бүгінгі жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Туризм және спорт министрлігіне, Күрес федерациясына мен жарыстың бас демеушісі, жамбылдық «Altais Group» компаниясына алғысымды білдіремін, -деді Ербол Қарашөкеев.





Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024